Бүгін елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 28 мамыр, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күні атмосфералық фронттар жүріп өтеді, соның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Ал солтүстікте, оңтүстікте, орталықта Солтүстік антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста - шаңды дауыл, күндіз солтүстікте бұршақ жауады.

Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Қарағанды, Улытау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар