Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек оңтүстік және оңтүстік шығыста ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын болуы ықтимал.

Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазгидрометтің хабарлауынша, оңтүстік және оңтүстік шығыста көктайғақ болып, жел күшейеді.

 Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 Жамбыл облысында көктайғақ болады.