Бүгін елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 желтоқсан күні Қазақстанның барлық бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болады, қар жауады, желдің екпіні күшейе түседі деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек елдің батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн райы ашық болады. Алматы облысында Жалаңашкөл аймағында желдің күші 18-23 м/с болады. Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с дейін жетеді, боран соғады. Павлодар облысында 17-22 м/с жел соғады, кей жерлерінде 25 м/с жетеді, боран соғып, көктайғақ болады. Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерінде 23 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с жетеді. Қостанай облысында кей жерлерінде боран соғып, тұсан түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысында түнде боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман түседі.