Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды ауа бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, оңтүстік-шығыста қатты нөсер жауады деп күтіледі, кей жерлерінде жел күшейеді. Тек батыста және солтүстік-батыста күн райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман байқалып, желдің күші 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысында түнде және таңертен тұман болады. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.