Бүгін елдің солтүстігінде жауын-шашындар күтілуде - синоптиктер
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін, Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады осыған орай, аздап бұлтты, жылы күн райы күтілуде.
Оңтүстік пен батыста ыстық болады, ал циклонның әсер етуімен республиканың солтүстік өңірлерінде аздаған жауын-шашындар болуы мүмкін. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Атырау облысының жекелеген аумақтарында тұман күтілуде.
Алдағы тәулікте Жайық, Покровка ауылынан төмен Есіл өзендерінде, сондай-ақ Ресеймен шекарадағы Тобыл өзенінде су тасқыны жағдайы мен су деңгейінің көтерілуі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы сулы нысандарда су көлемінің ауытқуы байқалады.