Бүгін елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлеріне суық атмосфералық ағымдардың ықпалы сақталады - Қазгидромет
АНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометт» болжауынша, бүгін, 19 қараша күні Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлері суық атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Республиканың қалған аумақтарына жоғары атмосфералық қысым әсер етеді.
Мәселен, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау және Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және күндіз Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұман күтілуде.
Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде - көктайғақ болады.