Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат- «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 27-сіне жасалған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан республикасының басым бөлігі әлі де суық Солтүстік антициклон әсерінде болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы күрт төмендейді. Еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында – жауын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, еліміздің шығысында - жаяу бұрқасын болады.

ҚР бойынша желдің күшейеді.