04:28, 07 Мамыр 2023 | GMT +5
Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 7 мамырда еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы және Астана қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.