Бүгін еліміздің барлық балалар үйлері мен интернаттарында «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі өтті
АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің барлық балалар үйлері мен интернаттарында «Ризашылық» - «Балалар игілігі үшін мейірімділік» атты қайырымдылық мерекесі өтті.
«Қазақстанның Бірінші ханымы Сара Назарбаеваның бастамасымен бұл мереке 2009 жылдан бері қарашаның әрбір соңғы бейсенбісінде еліміздің барлық аймақтарында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін өткізіледі», - деді Алматы қалалық балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры Сәуле Бекетаева.
Акцияның мақсаты - Батыста кеңінен атап өтілетін Ризашылық күні идеясына негізделген отбасылық мереке атмосферасын құру. Бұл жылылық, махаббат, мейірімділік, өзара түсіністік пен қолдау күні. Бүгін меймандар мен демеушілер барлық балалар үйлеріне барды. Дәстүр бойынша балаларға сыйлықтар тарту етілді.