Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады

Оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Атырау облысының көп бөлігінде жел 15-20 м/с соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.