Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, тек оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, күндіз Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-23 м/с күшеюі күтіліп, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысында жел соғады, күші 15-20 жетеді, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жаяу бұрқасын болады.