Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 20-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады - Қазгидромет

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, скандинавиялық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар жауып, бұрқасындатады, батыс аудандарында және оңтүстікте – жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.