Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, қатты жел соғады - «Қазгидромет»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды болып, қар жауады, тұман, көктайғақ, сырғақ боран байқалып, күшті жел соғады деп күтілуде. Тек еліміздің батыс аймағында ғана күн ашық, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ал Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, Қызылордада - көктайғақ.