07:12, 01 Тамыз 2015 | GMT +5
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады, кей өңірлерде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде республиканың солтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Тек еліміздің солтүстік және оңтүстік шығысында тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Жамбыл облысында, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық, Атырау облысында өте қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.