Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіліп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жел 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады. Түнде және таңертең Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.