Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейеді.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Қостанай облысында 15-20 м/с-қа жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерлерінде желдің екпіні 17-22 м/с-қа барып, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында да күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Алматы, Қарағанды облыстарының бірқатар жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады деп күтілуде. Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болады.