Бүгін еліміздің басым өңірлерінде көктайғақ болып, жел күшейеді - Қазгидромет

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз облыстардың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с болады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с, күндіз Жарма ауданында желдің екпіні 25-28 м/с болады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.