Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін еліміздің батыс өңірлерінде күн қатты ысиды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс бөліктерінің кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік бөлігінде екпінді жел тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін еліміздің батыс өңірлерінде күн қатты ысиды - Қазгидромет

Түнде еліміздің солтүстік бөлігінің кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.