Бүгін еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батыс және солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды ауа ағымдарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бүгін еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, жел күшейеді - Қазгидромет

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі күтіледі. Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.