05:29, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Бүгін еліміздің кей аймақтарында боран күшейеді - «Қазгидромет» РМК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық ауа ағымының өтуіне орай күн райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауады, бұрқасынды желдің екпіні күшейе түседі, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ашық ауа райы сақталады, кей аймақтарда тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейіп, бұрқасындатады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей аймақтарында боран соғып, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысында кей жерлерінде боран соғып, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-қа, ұйытқуы - 25 м/с-қа жетеді, түнде тұман түседі. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қостанай облысында кей жерлерінде тұман түседі.