Бүгін еліміздің кей өңірлерінде күн қатты ысиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде күн қатты ысиды

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с.

Алматы облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.