Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 желтоқсанда Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болатындықтан, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі, тек оңтүстік-шығысында және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасынымен жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады. Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында бұрқасынмен болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде жел кей жерлерінде 15-20 м/с жетіп, күндіз екпіні 17-22 м/с күшейеді.