Бүгін еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жаумайды. Тек солтүстік пен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде қар жауады. Көктайғақ болып, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бүгін еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің күші 15-20 метр/секунд болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысында түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын болады. Қарағанды облысында да желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Шығыс Қазақстан облынысың кей жерлерінде тұман түседі.