Бүгін еліміздің оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронтальды ауа бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі.

Бүгін еліміздің оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді - Қазгидромет

Тек батыста ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, таулы аймақтарда желдің екпіні 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жамбыл облысының кей жерлерінде 17-22 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 30 м/с дейін жетеді, бірқатар жерлерінде найзағай ойнайды. Алматы облысында күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 18-23 м/с күшейеді, найзағай байқалады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысында түнде кей жерлерде, күндіз желдің екпіні 17-22 м/с күшейеді, кей жерлерде найзағай ойнайды. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз жекелеген аудандарда 25 м/с дейін жетеді.