Бүгін еліміздің прокуратура органдарының құрылғанына 20 жыл толды

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін еліміздің прокуратура органдарының құрылғанына 20 жыл толды.

Осыған орай Үкімет үйінде салтанатты жиын өтіп, онда ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Ағымдағы жылы прокуратура органдары жарты миллионнан астам қазақстандықтың конституциялық құқығын қорғап, заңдылықтың бұзылуының шамамен 400 фактісін жойды. Мемлекеттік бюджетке 27 млрд. теңгеден астам кірісті қалпына келтіріп, 150 мыңнан астам азаматтық еңбек құқығын қорғады. Бұл орайда 8 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша қарыздарын алуға көмек берді», - деп атап өтті А.Дауылбаев.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда ел Үкіметінің тыңғылықты қолдауының арқасында прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Тек өткен 2 жылдың ішінде ғана 24 жаңа ғимарат бой көтеріп, 200-ден астам ғимарат жөндеуден өтті.

«Өткен жолдарды бағалай отырып, ел Президентінің конструктивті әрі сарбдал саясатының арқасында бүгінгі таңда Қазақстан прокуратурасы жетекші құқық қорғаушы органға айналды деп зор жауапкершілікпен айтуға болады», - деді ол.

Салтанатты жиынның қорытындысы бойынша А.Дауылбаев орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне, шетелдік қонақтарға мерейтойлық медальдар табыс етті.

Сонымен қатар мінсіз қызметтері үшін бірқатар қызметкерге кезекті сыныптық шендер мен ведомстволық наградалар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар