Бүгін еліміздің Шекара әскерінің құрылған күні
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні.
1992 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды. Ауқымында елдің егемендігі мен тәуелсіздігін кең көлемді түрде жүзеге асыра алар аумағы мен шекарасы болуы мемлекеттің негізгі белгісі болып табылады. Бұл сол мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін Шекаралық қызметтің айрықша маңызын айқындайды.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасы 14 мың шақырымнан астам қашықтықты алып жатыр.