Бүгін еліміздің солтүстігі мен шығысында бұршақ жауады, кей өңірлерде жел күшейді - «Қазгидромет»
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронталді бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет». Оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Қостанай облысында түнде кей жерлерде найзағай, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.