05:25, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Бүгін еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ашық күн райы сақталады, тек елдің солтүстік-батысы мен шығысында кей жерлерінде қар жауып, жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлады Қазгидромет.
Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жаяу борасын жүреді. Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Алакөл көлі ауданы тұсында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.