Бүгін еліміздің солтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал, шығысында күн ысиды

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с соғады, түнде тұман болады. Павлодар күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысында найзағай ойнайды. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында ыстық болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.