Бүгін еліміздің солтүстік-батысында - көктайғақ, ал батыс өңірлерде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қазанда Қазақстан территориясында атмосфералық фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады, жел күшейеді, тұман, солтүстік-батыста аздаған көктайғақ, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Бүгін еліміздің солтүстік-батысында - көктайғақ, ал батыс өңірлерде күн ашық болады

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жамбыл, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.