Бүгін еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік- шығыстан жел соғады, Алакөл аумағында екпіні 17-22 м/с дейін барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Осы күні Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Сол сияқты, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.

Қазақстан облысының солтүстігінде де тұман түсуі мүмкін.

«29 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с дейін барады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал», - деп жазды ведомстводан.

Ал 30 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 қазанда екпіні 23 м/с күтіледі.