Бүгін елордада 3 500 түлек мектеп бітіреді

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы жалпы білім беретін 82 мектепте соңғы қоңырау соғылады. 2013 жылдың 25 мамыры - он бірінші сыныптың 3 686 оқушысы үшін соңғы оқу күні болмақ.
None
None

Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.

Мектеп бітірушілердің жалпы санынан 3292 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. 11-ші сынып оқушылары арасында Ұлттық бірыңғай тестілеуден тапсырудан босатылғандар да бар. Олар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары және шетелдерде немесе колледждерде оқығысы келетін балалар. 2006 жылдан бері республиканың барлық аймақтары арасында Астанада ҰБТ тапсыру нәтижелерінің жақсарғандығы байқалады.

astana.kz сайтының жазуынша, 2012-2013 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар қаланың барлық мектептерінде 25 мамыр күні сағат 10-да басталады. Ал 12.00-ден 15.00-ге дейін Астананың үш алаңында: ҚР Қаржы министрлігі алдындағы алаңда, «Орбита» шағын ауданындағы алаңда және «Ғашықтар» саябағында мерекелік концерттер жоспарланған.

Сондай-ақ 25 мамыр күні кешкі сағат 18.00-де жаңа Мектеп оқушылары сарайында «Триумф» балы өтеді. Онда 300 халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерді марапаттау және мерекелік концерт жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар