Бүгін елордада 870-тен астам техника қар жинауға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңертеңнен бері Астанада 877 бірлік техника және 2551 жұмысшы қар жинауға шықты.
Бұл туралы елорданың ресми сайтында хабарлады.
Қаланың коммуналдық қызметтері ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмыс күштерін қосымша тарта отырып, нысандарды мол түскен қарды жедел арада аршу үшін қар жауып тұрған кезде де, одан кейін де қала көшелерін, саябақтарды, гүлзарларды жинай отырып, жауған қарды жедел тазалауда.
Бригадалар көшелерді жедел тазалау және қарды нысандардан қаланың қар жинайтын полигонына апару үшін түнгі уақытта да жұмыс істейді. Қазіргі кезде қар жинау жұмыстарына «Алматы» ауданында - 1227, «Есіл» ауданында - 713 және «Сарыарқа» ауданында - 611 жұмысшы тартылды.
2015 жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша қаланың қар төгуге арналған орнына жылдың басынан бері 56 мың текше метр қар төгілді.
Синоптиктердің айтуынша, осы демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт болады. Бүгін, 14 қарашада, температура түнде -5-7°С, күндіз -2-4°С құрайды.
Жексенбіде шығыстан 9-14м/с жел соғады, арагідік желдің ұйытқуы 15-20 м/сек. дейін жетеді деп болжануда. Температура түнде -6-8°С-ге дейін төмендейді, күндіз ауа -2-4°С-ге дейін жылынады.