Бүгін елордада ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ел астанасында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін елордада ауа ластанады

«2022 жылғы 19 қазанда Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.