Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді. Бұл туралы Білім басқармасына сілтеме жасаған қалалық әкімдіктің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 22 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», — делінген хабарламада.