Бүгін елордада «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты оқушылар спартакиадасы басталады
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - 14-18 қаңтарда №65 мектептің спорт залында «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты Астана қаласы оқушыларының спартакиадасы өтеді.
Бұл туралы astana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Жарыс жасөспірімдер арасында ұйымдастырылады. Оған елорданың үш ауданынан 62 команда: Есіл ауданынан 7 команда, Сарыарқа ауданынан 25 және Алматы ауданынан 30 команда қатысады. Іс-шараның мақсаты бұқаралық спортты дамыту, позитивті имиджді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, бұқаралық спорт түрлері, спорт жарыстарына қатысушыларының шеберліктері мен Спартакиадаға қатысушылардың арасындағы достық қарым-қатынастар насихатталады.