11:30, 19 Қаңтар 2020 | GMT +5
Бүгін елордада қала маңы маршруттарында қоғамдық көліктер қалай жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін қала маңы қоғамдық көліктерінің қалай жұмыс істейтіні туралы AstanaLRT өзінің Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
№ 313, 314, 316, 318 қала маңы бағдарларында қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Қалған № 302, 303, 304, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 316, 317, 319, 320, 321, 322 қала маңы бағдарларында қоғамдық көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
№ 306 бағдары Керемет моншасына дейін барып, бұрылады..
№ 309 маршруты Қошқарбаев ауылына, № 315 қала маңы бағдары Ижевск және Ақбұлақ ауылдарына, № 318 қоғамдық көлігі Шұбар ауылына кірмейді.
Бұған дейін хабарлағандай, сенбі күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңы маршруттарындағы қозғалыс тоқтатылған болатын.