Бүгін елордада күн жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 мамыр күні елордада көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бүгін елордада күн жауын-шашынсыз болады

Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде ауа температурасы +3,+5°С, күндіз +15,+17°С деңгейінде қалыптасады деп күтілуде. Сондай-ақ, 10 мамыр күні Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 0-3 градус суық болуы ықтимал.