Бүгін елордада Мемлекет басшысының қатысуымен «Қарлығаш» балабақшасы ашылады

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада Мемлекет басшысының қатысуымен «Қарлығаш» балабақшасының ашылу рәсімі өтеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш нысанның директоры Гүлнәр Абдулинаның айтуынша, балабақшада балалардың жас ерекшеліактеріне орай екі дене шынықтыру залы, екі бассейн және екі музыка пәнінің кабинеті орналасқан. Сондай-ақ онда екі топқа арналған футбол алаңы мен кешенді ойындарға қажетті арнайы алаңдар бар. «Аталмыш балабақшаның   ерекшелігі онда балаларға арналған интерактивті кабинеттер  мен тілдерді оқыту кабинеті салынған. Сонымен қатар онда ата-анасының тәрбиесінен алшақтап қалған балаларды көпшілік ортаға беймдеуге арналған арнайы бөлме де бар», деді директор.

Оның  сөзіне қарағанда, балабақшадағы сәбилерге білім беру және тәрбиелеу ҚР Мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізілетін болады. Тәрбие қазақ және орыс тілдерінде жүргізілмек. Сонымен қатар ағылшын тілін меңгеру үшін де қажетті  арнайы сабақтар өтеді. Онда қазір еліміздің педагогтарының авторлық инновациялық бағдарламалары негізінде  жаңа әдістемелер енгізу жоспарланып отыр.

Балабақшада елорданың аязды күндері балаларды далаға шығармау үшін арнайы салынған үлкен серуендеу бөлмесі бар. ҚР Президенті Іс басқармасының тапсырысымен салынған балабақша 240 сәбиге арналған. Нысан республикалық бюджеттен қаржыландырылды. Мемлекеттік сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша жобаның құны 1 миллиард 34 миллион теңгені құрап отыр. Балабақшаның құрылысы 2008 жылдың екінші тоқсанында басталған және ол елорданың сол жағалауында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар