Бүгін елордада тағы да ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтанда тағы да ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
None
None

Кәсіпорынның ақпаратына қарағанда, 2021 жылғы 24 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Соңғы жаңалықтар