Бүгін елордада Тәуелсіздік күніне орайластырылған «БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ!» ақтық айтысы өтеді

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бүгін, 9 желтоқсанда Астанадағы Конгресс холл концерт залында сағат 15.00-де Тәуелсіздік күніне орайластырылған «БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ!» ақтық айтысын өткізеді.
None
None

Негізгі мақсат - айтыс өнерін төл мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақ санасына ата бабаларымыз сан ғасырдан бері аңсап жеткен Тәуелсіздіктің тағылымын ұялату. Халық арасынан шыққан жас айтыскер ақындарға демеу көрсетіп оларға БАҚ арқылы жарнама жасау.

Айтысқа аймақтық ақындар айтысында сұрыпталып, топ жарған жеңімпаздар ғана қатысады. Ақтық айтысқа жолдама алғандардың негізі жастар. Халыққа кеңінен танымал Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы, Балғынбек Имашев, Мейірбек Сұлтанхандар өзара сайысқа түседі.

Халық ақындары Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбекова, айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбеков, фольклортанушы-ғалым Серік Негимов және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, публицист Жүрсін Ерман қазылық ететін айтыстың бас жүлдесі - «Алтын домбыра».

Соңғы жаңалықтар