Бүгін елордалық оқушылар «Бәйтерек» монументінің алдында өлең оқиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың 12-15 жас аралығындағы оқушылары Бәйтерек монументінің алдында мәнерлеп өлең оқиды.

Бүгін елордалық оқушылар «Бәйтерек» монументінің алдында өлең оқиды

Шара ұйымдастырушылары хабарлағандай, бұл «Жас көшбасшы мектебі» бағдарламасының өзіндік шешуші емтиханы. Жалпы, оның мақсаты - балаларды өмір сындарынан өтуге және тәуелсіз болуға үйрету, деп жазады strategy2050.kz.

Шара ұйымдастырушысы - тәжірибелі психолог, шешендік өнерінен белгілі жаттықтырушы Меруерт Жүнісбек.

«Көпшілік алдына шығып сөз сөйлеп, мәнерлеп өлең оқу жасөспірімдердің өз бойларындағы қорқыныштарын жеңуге және өзінің ішкі жан-дүниесін ашып көрсетуге жәрдемдеседі», - делінген хабарламада.