Бүгін елордалық сауда орталықтарында мерекелік жеңілдіктер жасалады

Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады astana.kz. Атап айтқанда, 30 тамызда MEGA Astana сауда ойын-сауық орталығында бағалы сыйлықтар тігілген викториналық ойындар ұйымдастырылып, концерт қойылады. Ал «Сарыарқа» сауда орталығында тауарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады. Мереке аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетпек. «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен би ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. Сондай-ақ сағат 16.00-де «Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығына келушілер «Ханталапай» қазақтың ұлттық ойынын ойнап, қолма-қол сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар «Аружан» сауда ойын-сауық орталығында Конституция күнін мерекелеу аясында Астана қаласының әншілері мен бишілері өз өнерлерін ортаға салады.