Бүгін - Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күні

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күнінің ұраны: «Тарихи өлкемізді сақтап қалайық».
None
None

Бұл күнді 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен көрікті орындар мәселелері бойынша Халықаралық кеңес Ассамблеясы бекітті. Мереке әлемде 1984 жылдың 18 сәуірінен бастап атап өтіледі.

Бүгінгі күні 175 мемлекет 1972 жылы қабылданған «Мәдени және табиғи мұраны сақтау жөніндегі дүниежүзілік конвенцияның» қатысушысы болып табылады. ЮНЕСКО-ның тізіміне әлемнің 122 елінде орналасқан дүниежізілік мұраның 754 нысаны енгізілді, олардың арасында отандық ескерткіштеріміз де бар.

Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын тарихи және мәдени 25 мыңнан астам ескерткіш бар.

Соңғы жаңалықтар