11:33, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
Бүгін - Еуропа күні
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, 9 мамыр күні халықаралық қауымдастық Еуропа күнін атап өтуде.

1950 жылы 9 мамырда Парижде Франция сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция, Германия және басқа да Еуропа елдерінің көмір және болат құятын өнеркәсіп салаларын (әскери техника өндіру негіздерін) біріктіріп, оны жаңа ұлттық құрылым басқармасына беруге шақырды.
1985 жылы Милан саммитінде Еуроодақ көшбасшылары Шуман Декларациясын мәңгі есте сақтауға шешім шығарып, жыл сайынғы 9 мамырды - Еуропа күні деп бекітті.