Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін - Еуропалық саябақтар күні

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін халықаралық қауымдастық - Еуропалық саябақтар күнін атап өтуде.

Бүгін - Еуропалық саябақтар күні

Бұл күнді Еуропалық ұлттық және табиғи саябақтар федерациясы жариялаған. Федерацияға Еуропаның 36 еліндегі қорғалатын табиғи аймақтар кіреді. 1999 жылы алғаш рет атап өтілген бұл күн, енді бүкіл Еуропада жыл сайын 24 мамырда мерекеленеді.

1909 жылдың 24 мамыры күні Швецияда Еуропалық 9 Ұлттық саябақтың алғашқысы құрылды.