Бүгін FIFA 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаты өтетін елдерді анықтайды

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін FIFA 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаты өтетін елдерді анықтайды. 2018 жылғы әлем біріншілігін өткізуге Испания, Португалия, Бельгия, Голландия, Ресей мен Англия таласып отыр.

Бүгін FIFA 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаты өтетін елдерді анықтайды

Соңғы екі ел негізгі үміткерлер болып табылады. Бұл туралы «Аламан» Ұлттық электронды басылымы хабарлады.

Ал 2022 жылғы чемпионатты қабылдауға Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония, Катар және АҚШ елдері үміткер.

Әлемдік доп додасының қожайындары Астана уақыты бойынша сағат 22:00 шамасында белгілі болады.