Бүгін футбол ойындарының тарихында алғаш рет ысқырық пайдаланылған күн

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - 134 жыл бұрын дәл осы күні, яғни 1878 жылдың 10 шілдесінде Англияда футбол төрешісі алғаш рет ысқырықты пайдаланды.

Бүгін футбол ойындарының тарихында алғаш рет ысқырық пайдаланылған күн

Футбол алаңында төреші тек 1873 жылы ғана пайда болды. Ол кезде төрешінің ойынға өз бетімен араласуына тыйым салынған болатын. Олардың міндетіне ойынның уақытын қадағалау, матч туралы жазу, ойыншыларды алаңнан шығару және тағайындау, сондай-ақ өзара келісе алмаған жағдайда командалар өкілдерінің дауларын шешу кірді. 1878 жылға дейін футбол төрешілерінде ысқырықтар болмаған. Олар өз дауыстарына немесе қоңыраулардың көмегіне жүгінді. Сондай-ақ өздеріне назар аударту үшін түрлі белгілер беруге мәжбүр болып келді.

Ысқырықтың пайдалануға енгізілуі қызықты оқиғамен байланысты. Ол кезде ойынға төрелік ету кәсібилерге емес, әуесқойларға тапсырылатын. Футболды сүйетін және оған ақша төленбейтін әуесқой төреші кәсіби маманға қарағанда барлығын жақсы істейді деп саналған. Төрелікке дәрігерлер, жазушылар және басқа да мамандық иелері шақырылып отырды. Артур Конан Дойл да өз кезінде футбол арбитрі болғаны белгілі.

Ал 1878 жылдың 10 шілдесінде ойынға төрелік ету  полицейге сеніп тапсырылды. Ол ойын барысында төбелес шыққан кезде көп ойланбастан ысқырықты пайдаланды. Үрейлері қашқан және оны күтпеген ойыншылар жағажыртысты бірден тоқтатты. Содан бастап төрешілер алаңға ысқырықпен шығатын болды.