Бүгін футболдан Қазақстан мен Германия құрамалары кездеседі

2014 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойынға грекиялық Тасос Какос төрелік жасайды.
Айта кетерлігі, екі команда үшін де бұл 5-ші ойын. Қазіргі уақытта С тобында 10 ұпайы бар Германия көш бастап келеді. Ал Қазақстан құрамасы тек жалғыз ұпамен 4-ші орынға тұрақтаған. Қазақстан мен Германия құрамалары арасында келесі ойын 26 наурыз күні Нюрнбергте өтеді.
Есте болса, бұған дейін біздің футболшылар Еуро-2012 іріктеу кезеңінде немістермен 2 рет кездесіп, жеңіліп қалған болатын.
1. Германия - 4 матч, 10 ұпай;
2. Швеция - 3 матч, 7 ұпай;
3. Ирландия - 3 матч, 6 ұпай;
4. Австрия - 3 матч, 4 ұпай;
5. Қазақстан - 4 матч, 1 ұпай;
6. Фарер аралы - 3 матч, 0 ұпай.
Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесу түнгі сағат 12-де басталады.