Бүгін ғалым Өтеген Күмісбаев 77 жасқа толды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 77 жыл бұрын (1939) ақын, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Өтеген Күмісбаев дүниеге келді.

Бүгін ғалым Өтеген Күмісбаев 77 жасқа толды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтын және аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын аудандық газетте әдеби қызметкерден бастап, «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Ұзақ жылдар бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған.
Ө.Күмісбаевтың 10-нан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптары жарық көрді. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, Мәскеуде шыққан жинақтарда басылды. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмаларын тәржімалады. Ғалымның шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай мен Шығыс», «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» монографиялары бар.

Көмір генерациясын дамыту жобасы: энергетикалық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді